WORLD SKILLS
WorldSkills — болашақ мамандар алаңы
WorldSkills — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған халықаралық қозғалыс. WorldSkills чемпионаттары студенттер мен жас мамандардың түрлі кәсіби құзыреттіліктер бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетуге мүмкіндік береді.
WorldSkills чемпионаттарына қатысу студенттердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге, практикалық тәжірибе жинақтауына, шығармашылық әлеуетін дамытуына және білім беру ұйымының абыройын өңірлік, республикалық деңгейде танытуына ықпал етеді.
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі жыл сайын WorldSkills қозғалысына белсенді қатысып, студенттердің сапалы даярлығын, педагогтердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және сарапшы-компатриоттардың жоғары кәсібилігін көрсетіп келеді.
WorldSkills Almaty – 2026
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі «WorldSkills Almaty–2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында жоғары нәтижелер көрсетіп, 8 құзыреттілік бойынша жүлделі орындарға ие болды.
🥇 «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Нуржанова Фирдауси І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Жумабай Нурсултан.
🥇 «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Кариев Абылайхан І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Арғынбаева Ақбота Ғалымжанқызы.
🥈 «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Қонысбай Ақмаржан ІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Оспанов Саят Қанатұлы.
🥈 «Мейрамхана ісі» құзыреттілігі бойынша Масимов Алишер Муратжанович ІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Капасова Жанар Ахметкалиевна.
🥉 «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша Рахимжан Данияр Ержанұлы ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Садуахас Акерке Нуржанқызы.
🏅 «Бейнемонтаж» құзыреттілігі бойынша Ерасыл Аманқұл медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Сулейменова Ерке Сейсеналиевна.
🏅 «Web технологиялар» құзыреттілігі бойынша Ольга Шапшай медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Болат Шынар Мақсатқызы.
🏅 «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша Алихан Шаймаханбет медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Таншаева Айгул Керимхановна.
WorldSkills Kazakhstan – 2025
2025 жылы Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенті «WorldSkills Kazakhstan–2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында колледж намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.
🥇 «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Лаубер Кристина Юрьевна І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Диханова Әйгерім Нарикқызы.
WorldSkills Almaty – 2025
«WorldSkills Almaty–2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері түрлі құзыреттіліктер бойынша жүлделі орындарға ие болды.
🥇 «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Лаубер Кристина Юрьевна І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Орынбасар Камшат Таңатарқызы.
🥉 «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Рамазан Еркебұлан ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Додаев Мұхтар Мейрамбекұлы.
🥉 «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша Оразбай Мадияр Ғанибайұлы ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Корабаева Назира Женисовна.
🏅 «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Терехова Алина Витальевна медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Амирбекова Карина Калкабековна.
🏅 «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша Шилова Ольга Григорьевна медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Жакова Кристина Ивановна.
WorldSkills Almaty – 2024
2024 жылы Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері «WorldSkills Almaty–2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында табысты өнер көрсетіп, бірнеше құзыреттілік бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
🥇 «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Джанбырбаева Сабина І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Нусипова Айгерим.
🥇 «Кондитер ісі» құзыреттілігі бойынша Нұрғазы Сымбат І орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Диханова Айгерим.
🥉 «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Ашур Карим ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Жаков Сергей.
🥉 «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттілігі бойынша Төре Томирис ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Оспанов Саят.
🥉 «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша Оразбай Мадияр ІІІ орын иеленді.
Эксперт-компатриоты — Бакытов Абылай.
🏅 «Ет жартылай фабрикаттарын өндіру» құзыреттілігі бойынша Оспанов Амир медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Дурумова Лаззат.
🏅 «Мейрамхана ісі» құзыреттілігі бойынша Кабылбеков Аслан медальон иегері атанды.
Эксперт-компатриоты — Капасова Жанар.