іс шаралар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі базасында Республика күні аясында колледж студенттері арасында шағын футболдан турнир өтті. Республика күніне ұйымдастырылған спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс жеңімпаздары:

1 орын — 4 ВТиПО А тобы;

2 орын – 3 ВТиПО А тобы;

3 орын- «Алматы» командасы иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Колледжде республика күніне орай “Жастар — тәуелсіз елдің болашағы” атты дебаттан турнир өтті.

Турнирге колледж студенттерінен құралған фракциялар қатысып, дебатта жақсы өнер көрсетіп, пікір алмасты.

Республика күніне арналған мерекелік іс-шара аясында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде ҚР Әнұранының салтанатты орындалуы ұйымдастырылды.

«Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері» тақырыбында  топ жетекшілер мерекелік тәрбие сағаттарын өткізді.

7 — ақпан АМБК базасында Жастар арасындағы қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасайтын басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Алматы қаласы Алмалы ауданының колледждерінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен кездесулер ұйымдастырылды және өткізілді.