Дуальды оқыту жүйесі

Дуальды оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жыл 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жыл 9 наурызда № 13422 болып тіркелді.

Дуальды оқыту — бұл кәсіпорында (ұйымда), оқу орнында студенттің жауапкершілігімен  өндірістік оқытудың кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен және білім алушыларға жұмыс орындары мен өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етуді қоса оқытуды біріктіретін оқыту түрі; Қосарланған оқытып  туралы шарт — бұл өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту үшін жұмыс орнын ұсынатын, кәсіпорын (ұйым) және өндірістік оқу мен кәсіптік тәжірибеден өту шарттары мен тәртібін реттейтін оқу орны  арасындағы жазбаша келісім.

 

Дуальды оқыту – табысты мамандыққа бастар сенімді қадам

 

Қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес колледж қызметінің басым бағыттарының бірі – дуальды оқыту жүйесін дамыту болып табылады. Дуальды оқыту – теориялық білім мен өндірістік тәжірибені ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталған заманауи білім беру моделі. Бұл жүйе студенттерге оқу барысында нақты өндіріс орындарында тәжірибе жинақтап, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

2019 жылдан бастап колледжде дуальды оқыту жүйесі табысты жүзеге асырылып келеді. Аталған жүйе білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайтуға және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған.

2025 жылы колледждің кәсіпорындар және әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастығы 19 мекемеге дейін артып, дуальды оқыту жүйесімен қамтылған студенттер саны 696 білім алушыны құрады. Аталған жүйе келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылуда:

  • 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»;
  • 07210300 «Наубайхана, макарон және кондитер өндірісі»;
  • 04130100 «Менеджмент»;
  • 04140100 «Маркетинг»;
  • 04110100 «Есеп және аудит»;
  • 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету».

Дуальды оқыту жұмыс берушілердің сұраныстары мен өндіріс талаптарын ескере отырып ұйымдастырылады. Білім алушылар теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттіліктерін дамытады, еңбек дағдыларын меңгереді және болашақ мамандығына бейімделеді.

Бүгінде колледж студенттерінің жалпы санының 45%-ы дуальды оқыту жүйесімен қамтылған. Бұл көрсеткіш колледждің бизнес-қоғамдастықпен және әлеуметтік серіктестермен тиімді ынтымақтастық орнатқанын, сондай-ақ дуальды оқытудың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын айқындайды.

Колледж алдағы уақытта да жұмыс берушілермен серіктестікті кеңейтіп, заманауи білім беру технологияларын енгізу арқылы білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жұмысын жалғастыра береді.