4S04130101 Менеджер

Мамандық: Менеджмент
Біліктілік: Менеджер
Менеджмент — бұл компаниялар мен ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, басқару және дамытуға бағытталған мамандарды даярлау бағыты.
Менеджер — бұл келесі міндеттерді атқаратын маман:
команда жұмысына жоспарлау жасап, оны ұйымдастырады;
бизнес-процестерді үйлестіреді және олардың орындалуын бақылайды;
басқарушылық шешімдер қабылдайды;
персоналмен, клиенттермен және серіктестермен жұмыс істейді;
сату, жобалар және ресурстарды жоспарлауға қатысады;
жұмыс нәтижелерін талдап, ұйым қызметінің тиімділігін арттырады.
«Менеджмент» мамандығының түлектері келесі салаларда сұранысқа ие:
бизнес және кәсіпкерлік;
сауда және қызмет көрсету саласы;
банк және қаржы секторы;
логистика және маркетинг;
әкімшілік басқару.
«Менеджер» біліктілігі коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ өз бизнесін ашып, дамытуға мүмкіндік береді.