Түрік тілі бойынша тегін курстар

Колледжде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы қолдауымен студенттер мен педагогтерге арналған түрік тілі бойынша тегін курстар ұйымдастырылған. Аталған курсқа жыл сайын 100-ден астам адам қатысады. Бұл — маңызды қадам, себебі тілді білу студенттерімізге кәсіби ортада еркін қарым-қатынас жасауға, жаңа ортаға тез бейімделуге, сондай-ақ елдің мәдениеті мен ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында Ибн Халдун университеті ректорының шақыруымен колледждің 7 студенті мен 5 педагогі Стамбул қаласында өткен жазғы мәдени-тілдік лагерьге қатысып, түрік халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен жақынырақ танысып, тілдік білімдерін тереңдете түсті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ✨ АГБК | АМБК | ASBC ✨ (@ambk_edu)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ✨ АГБК | АМБК | ASBC ✨ (@ambk_edu)