06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтамасыз ету — қазіргі цифрлық әлемдегі ең сұранысқа ие әрі болашағы зор мамандықтардың бірі. Бүгінде технологиялар өміріміздің барлық саласында қолданылады: білім беру, бизнес, медицина, ойын-сауық және мемлекеттік басқару. IT-мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді, олардың маңызы күннен күнге өсуде.
Біліктіліктер
🔹 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші — компьютерлер мен мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалар, қосымшалар және жүйелерді жасайтын маман.
3 жыл ішінде оқытылатын пәндер:
- алгоритмдер, логика және бағдарламалау негіздері
- бағдарламалау тілдері
- қолданбалы бағдарламаларды әзірлеу
- деректер қорлары және олармен жұмыс
- бағдарламаларды тестілеу және қателерді түзету
- заманауи бағдарламалау құралдарымен жұмыс
Түлектер жұмыс істей алады:
- бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы
- қолданбалар әзірлеушісі
- бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші
- компаниялар мен ұйымдардағы IT-маман
🔹 Web-дизайнер
Web-дизайнер — сайттардың сыртқы көрінісін және қолдануға ыңғайлылығын қамтамасыз ететін, эстетика мен функционалдылықты үйлестіретін маман.
2 жыл ішінде оқытылатын пәндер:
- web-дизайн және UX/UI негіздері
- HTML, CSS және JavaScript негіздері
- бейімделген (адаптивті) верстка
- графикалық дизайн
- графикалық редакторлармен жұмыс
- қолданушы интерфейстерін жобалау
- web-әзірлеу мен дизайндағы заманауи трендтер
Түлектер жұмыс істей алады:
- web-дизайнер
- UI/UX-дизайнер
- frontend-әзірлеуші (бастапқы деңгей)
- веб-сайттар дизайнері
- сайттарды қолдау және жаңарту маманы
Біздің жетістіктеріміз
🏆 2025 жылы біздің команда WorldSkills чемпионатында
«Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша Алматы қаласында 3-орын иеленді!
Бұл — студенттеріміздің жоғары деңгейде дайындалғанының және алған білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алатынының айқын дәлелі.
Мамандығымыз бойынша оқытудың артықшылықтары
✅ Еңбек нарығында жоғары сұраныс
IT-мамандар Қазақстанда да, шетелде де жоғары бағаланады.
✅ Практикаға бағытталған оқыту
Оқу барысында нақты жобалар мен тәжірибелік тапсырмалар орындалады.
✅ Кең мансаптық мүмкіндіктер
Түлектер компанияларда, стартаптарда, мемлекеттік мекемелерде немесе фрилансер ретінде жұмыс істей алады.
✅ Кәсіби дамуға мүмкіндік
Колледжді аяқтағаннан кейін жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруға және кәсіби жарыстарға қатысуға болады.
✅ Икемді жұмыс форматы
Көптеген IT-мамандар қашықтан жұмыс істеп, халықаралық компаниялармен қызметтес болады.
Бұл мамандық кімдерге арналған?
Бұл мамандық:
- компьютерлер мен технологияларға қызығатындарға
- логикалық ойлауды ұнататындарға
- бағдарламалар мен сайттар жасауды қалайтындарға
- болашағы зор әрі жақсы табыс әкелетін мамандық іздейтіндерге
- жаңа білім алуға және үнемі дамуға дайын жастарға өте қолайлы.
Бағдарламалық қамтамасыз ету — болашаққа бастайтын сенімді жол!


